Мақсаты: Тәрбиеленушілердің отбасында ата-анасы, бауырларымен танысып, психологиялық ахуалды зерделеп, «ата-ана – тәрбиеленуші – тәрбиеші» арасында ынтымақтастықта жұмыс сапасын арттыру.
Міндеттері: тәрбиеленушілердің отбасының психологиялық ахуалымен, отбасы мүшелерінің өзара қатынастарының барлық жағы: қызығушылықтары, отбасы мүшелерінің қажеттіліктері мен ұстанымдарындағы шағын айырмашылықтар, отбасы мүшелері бір-біріне қалай көмектесетіндігі, түсінетіндігі, қиындыққа қарсы бірлесіп күресетіндігі, шыдамдылық танытатындығымен, тұрмыстық жағдайымен танысу;
– ата-аналарды балаларының оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелерімен хабардар етіп отыру;
– ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу.
Күтілетін нәтиже: тәрбиешілердің тәрбиеленушілердің отбасы мүшелерімен, тұрмыстық жағдайымен танысады, психологиялық ахуалын зерделейді, ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелерімен хабардар етеді, жеке жұмыстар жүргізуі арқылы ата-аналармен ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынасы нығаяды.
Жетекшісі:Байсенгирова Қарлыға Лестаевна,Анаркулова Рашида Абдешовна, Телефон:+7 7076313008,+7 7779305988

