NIS

ONLINE



Оқы, сынап көр, зертте!

26.11.2021

ACTIVE SCHOOL COMMUNITY

Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну. Денсаулық – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» – деп орынды айтқан. Еліміздің келешегі, көркеюі- салауатты өмір салтын сақтау, қолдауда. Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Мектеп қауымдастығы мен ата-аналар  салауатты өмір салтын ұстана отырып, спорттық ойындар жүргізуді жоспарлады.

Негіздеме: Ата-ана мен мектеп  арасындағы  бейресми кездесулердің аздығы және бірін-бірі жақын танымауы байқалды. Осы орайда салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, спорттық ойындар арқылы ата-ананы мектепке шақыру негіз болып табылды. 

Мақсаты: Спорттық ойындар арқылы ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты арттыру. 

Міндеттері:

  • Ата-аналарды мектеп өміріне белсенді қатысуға шақыру;
  • Салауатты өмір салтын ұстануға шақыру;
  • Ата-аналардың өзара қарым-қатынасын нығайту;
  • Ортақ мақсатқа жетуде жұмыла бірігуге, ұйымшылдыққа шақыру.

Жетекшісі: Жұмабаев Қуат Қанатұлы, телефон:87757095600

Социальный проект

Почта проекта:

Zhumabaev_k@trz.nis.edu.kz