Наурыз кездесулері – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту, ғылымға тарту, танымдық және тәжірибелік мәселелерді шешуде білім мен дағдыларды қолдану, топпен жұмыс істеуде коммуникативті дағдыларды меңгеру мақсатында жыл сайын өткізетін дәстүрлі іс-шара.
Наурыз кездесулері 2011 жылдан бері өткізіліп келеді және еліміздің түкпір-түкпірінен ғылымға құштар мектеп оқушылары мен жас өнертапқыштардың басын қосатын алаңға айналды.
Жыл сайын Наурыз кездесулері аясында:
– оқушылар белгілі бір ғылым саласында теориялық білім алатын қазақстандық және шетелдік ғалымдардың танымал-ғылыми дәрістері;
– оқушылардың тәжірибелік дағдыларын дамытатын шеберлік сағаттары;
– іс-шараның тақырыбына сәйкес оқушылар дайындаған ғылыми жобалық жұмыстар байқауы өткізіледі.
2022 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері оқушыларының ғылымға, робототехника мен инженерияға ынтасын арттыру және тарту мақсатында «Жасанды интеллект және мехатроника» тақырыбында Наурыз кездесулері өтуде.
1 күн: 16 наурыз 2022 ж. Спикерлардың лекциялары мен шеберлік сабақтары
Teams конференциясына қосылуға сілтеме
| Уақыты | Іс-шара |
| 14.30-14.50 | «Жасанды интеллект және мехатроника» атты Наурыз кездесулерінің салтанатты ашылу рәсімі |
| 14.50 -15.20 | «Машиналық оқыту әдістерін энергетика саласында қолдану» атты вебинар Нурхат Жакиев, Astana IT University, физика ғылымының PhD-докторы. Қазақстан |
| 15.20 – 15.50 | «Қазақстанның тау-кен металлургия саласындағы жасанды интеллект. Технологияның жаңа ғасыры біздің елімізде» атты вебинар Александр Каржавин, Жобаларды енгізу жөніндегі инженер, Tech Garden, Қазақстан |
| 15.50-16.20 | «Инновациялық жобалар мен мемлекеттіқ қолдау шаралары» атты вебинар Акатов Камиль, «QazInnovations» АҚ Ұлттық инновациялық даму агенттігінің басқарма төрағасы, Қазақстан |
| 16.20-16.45 | Вебинар: «Адамзат пен машиналардың болашағы. Жасанды интеллект және адам интеллектісі». Технологияның адамзатқа әсерін зерттеуші еуропалық футуролог, Цюрих, Швейцария |
2 күн: 17 наурыз 2022 ж. Спикерлардың лекциялары мен шеберлік сабақтары
Teams конференциясына қосылуға сілтеме
«Сутегі отын элементтері бар көліктерді жасауда жасанды интеллектті пайдалану» вебинары. Брендан Норман, Сутегі тасымалдау жөніндегі сарапшы, Hyzon Motors компаниясының негізін қалаушы, Аустралия «Жасанды интеллект және оның біздің өміріміздегі ықпалы мен қызметі» вебинары. Нуртас Марат, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессоры, Казахстан «Жасанды интеллект және толықтырылған шынайылық. Деменциясы немесе Альцгеймер ауруы бар адамдар қалай бақытты өмір сүре алады?» вебинары. Жанат Махатаева, Назарбаев Университеті Смарт жүйелер және жасанды интеллект институтының ғылыми қызметкері «Робототехникадағы жасанды интеллект. Аңыз ба немесе шындық па?» вебинары Алиса Большакова, білім беру жобаларын дамыту бөлімінің басшысы,”R:ED” компаниясы, Ресей
Уақыты
Іс-шара
14.30-15.00
15.00-15.30
15.30-16.00
16.00-16.30
3 күн: 18 наурыз 2022 ж. Тәжірибелік жұмыс
Teams конференциясына қосылуға сілтеме
Шеберлік сабақтары (НЗМ оқу аудиториялары) ««Жер топографиясын өлшеу үшін Пифагор теоремасын қолдану»»; «Микрогравитация жағдайында космонавтардың аяғын қорғауға арналған Astro Socks шұлықтары» (Hacking STEM by NASA жобалары); «Мидың жеңіл зақым алуын түсіну үшін модел құру» (Hacking STEM by NASA жобалары); «Космосаралық станция капсуласы материалдарының жылуға төзімділігін моделдеу» (Hacking STEM by NASA жобалары); «Жер сілкінісін түсінудегі математикалық модельдеуді қолдану» «Электр энергиясын байланыс үшін пайдалану»
Уақыты
Іс-шара
14.30-16.30
16.30-16.50
Наурыз кездесулерінің жабылу рәсімі
NAURYZ KEZDESULERI
Жасанды интеллект және мехатроника
Наурыз кездесулерінің қатысушыларына жадынама
Іс-шара басталғанға дейін:
- Наурыз кездесулерінің бағдарламасымен танысу.
- Іс-шараға тіркелу.
- Интернетке қосылуды, ноутбуктің батареясын, компьютердің, құлаққаптың, микрофонның, веб-камераның жұмысын тексеру.
Іс-шара кезінде:
- Күн сайын іс-шара басталғанға дейін 10-15 минут бұрын қосылыңыз.
- Спикерлердің баяндамасы кезінде камера мен микрофонды қоспаңыз.
- Модератор спикерге сұрақтар қою үшін TEAMS чатын баяндаманың соңғы 10-15 минутында қосады.
- TEAMS чатында сұрақтарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің бірінде қоюға болады.
- Спикерлерге баяндама тақырыбы бойынша сұрақтарды қою керек. Сұрақтарды қою барысында этикалық нормаларды сақтаңыз және спикерлерге, іс-шараны ұйымдастырушылар мен қатысушыларға деген құрметіңізді көрсетіңіз.
- Спикер баяндамасы соңында модератор ең қызықты және өзекті сұрақтарды таңдап, спикерге сұрақ қою үшін қатысушының атын атайды. Чатта алдын-ала сұрақ жазған қатысушы камераны, микрофонды қосып сұрақ қоюға дайын болуы керек.
- Уақыт жетпейтін немесе техникалық ақаулар болған жағдайларда модератор чаттағы сұрақтарды өзі оқиды.
Қазақстандық және шетелдік спикерлер

Брендан Норман
Аустралия, Виктория штаты
Тақырыбы: «Сутегі отын элементтері бар көліктерді жасауда жасанды интеллектті пайдалану»
- Сутегі көлігі бойынша сарапшы, Hyzon Motors компаниясының негізін қалаушы. Бүгінгі күнде Hyzon Motors ең жаңа тұрақты көліктерді әзірлеуге жасанды интеллект өнімдерін енгізуде

Камиль Акатов
Қазақстан
Тақырыбы: «Инновациялық жобалар мен мемлекеттіқ қолдау шаралары»
- «QazInnovations» АҚ Ұлттық инновациялық даму агенттігінің басқарма төрағасы
- «University of Wollongong in Dubai» (БАӘ) түлегі
- Техника және технологиялар магистрі (Ақпараттық жүйелер, Қазақ технология және бизнес университеті)

Герд Леонхард
Цюрих, Швейцария
Тақырыбы: «Адамзат пен машиналардың
болашағы. Жасанды интеллект және адам интеллектісі»
- Технологияның адамзатқа әсерін зерттеуші еуропалық футуролог, спикер
- «The Futures Agency» консалтингтік ұйымның негізін қалаушы

Нуртас Марат
Қазақстан
Тақырыбы : «Жасанды интеллект және оның біздің өміріміздегі ықпалы мен қызметі»
- «Математикалық және компьютерлік модельдеу» ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің доценті
- «Орталық Азиядағы үлкен деректерді интеллектуалдық талдау бойынша оқу және зерттеу орталықтарын құру курстарын дамыту», Еуропалық Одақтың ELBA Erasmus+ халықаралық жобаның орындаушысы

Жанат Махатаева
Қазақстан
Тақырыбы: «Жасанды интеллект және толықтырылған шынайылық. Деменциясы немесе Альцгеймер ауруы бар адамдар қалай бақытты өмір сүре алады?»
- Назарбаев Университеті Смарт жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI), Робототехника және мехатроника жүйелері (ARMS) зертханаларының ғылыми қызметкері
- Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебінің PhD-кандидаты

Александр Каржавин
Қазақстан
Тақырыбы : «Қазақстанның тау-кен металлургия саласындағы жасанды интеллект. Технологияның жаңа ғасыры біздің елімізде»
- MSc., London School of EconomicsBsc., Rochester Institute of Technology
- Жобаларды енгізу жөніндегі инженер Tech Garden

Нұрхат Жакиев
Қазақстан
Тақырыбы : «Машиналық оқыту әдістерін энергетика саласында қолдану»
Astana IT University ғылыми қызметкері, физика ғылымының PhD-докторы.

Алиса Большакова
Ресей
Тақырыбы: «Робототехникадағы жасанды интеллект. Аңыз ба немесе шындық па?»
Білім беру жобаларын дамыту бөлімінің басшысы, «R:ED» компаниясы




