Зияткерлік ойынның мақсаты: Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін жан – жақты дамыған, интеллекті жоғары азаматтардың білімдерін өзара сайысқа түсіріп, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Міндеттері:
• Әлеуеті биік, мәдениеті жоғары оқушыларды қалыптастыру.
• Үштілділік мәдениетінің деңгейін арттыру.
• Ұлттық және әлемдік әдебиеттерге деген қызығушылығын арттыру.
Зияткерлік ойынның бөлімдері:
1. Логика – 10 ұпаймен бағаланады.
2. Таным – 15 ұпаймен бағаланады.
3. «Қалт етпей, қағып ал, жауабын тауып ал» – 30 ұпаймен бағаланады. (Қара жәшікте жасырынған затты табу)
Шарттары:
1. Зияткерлік ойынға қатысатын топта 6 мүшеден болады.
2. Ойынға қатысушы оқушылар үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) сөйлей алатын болуы;
3. Берілген тапсырма қай тілде берілсе, сол тілде жауап беру керек, болмаған жағдайда ұпай кемиді;
4. Ойынға қатысушы оқушылардың формалары біркелкі болуы;
5. Топтың аты, әмблемасы, девизінің болу;
6. Әр топтың өздеріне керекті құралдарын алып келу;
(А3 форматта 2 дана қағаз, маркерлер әр түсте, клей, штрих, қаламсап т,б.)
7. Ойын барысында тыныштық сақтау;
8. Жеңімпаз топ ойын соңында дипломмен марапалады.
Күтілетін нәтиже: оқушылардың ұжыммен жұмыс жасай отырып, сұрақтардың жауаптарын тез тауып, шапшаңдыққа бейімделіп, зияткерлік ойынға деген қызығушылықтары артады.
Жетекшісі: Педагог-ұйымдастырушы-куратор Кулумбетова Эльмира Ауесбековна, телефон:8 702 213 44 73
https://trz.nis.edu.kz/ziyatkerler-ojyny-iq-game-jymdastyryldy/
https://trz.nis.edu.kz/intellektualnaya-igra-iq-game/
https://trz.nis.edu.kz/kto-umnee-v-iq-game-srazilis-uchashhiesya-nis-taraza/’

